Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау туралы, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1222 Қаулысы
(2010.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабы 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімін беруші болып айқындалсын.
2. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің тізбесі бекітілсін.
3. «Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 1121 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.30.11. № 1975 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 691 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1222 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы
қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімінің
тізбесі
1. Ассистентура-тағылымдаманы бітіргені туралы куәлік
2. Астық қолхаттарының бланкілері
3. Аңшы куәлігі
4. Ағаш кесу билеті
5. Әскери билеттер
6. Әскери тасымалдау құжаттары - 1-нысанды талап, 2-нысанды талап - жүк құжаты, 3-нысанды талап, багаж талоны